Қазақстан-Швейцария: Инвестициялық ынтымақтастық

Швейцариялық бизнесмендер елімізге қаржы бағыттап, қазақстандық әріптестерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Аталған тарап  «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобаларға қаражат құймақ. Осы мақсатта Швейцарияның экономика, білім және зерттеу министрі Йоханн Шнайдер-Амманн бастаған бизнестің 20 шақты өкілі елімізге келді. Атап өтейік, бүгінде елімізде 40 шақты швейцариялық компанияның өкілдігі жұмыс істейді.

ЙОХАНН ШНАЙДЕР-АММАНН, ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ЭКОНОМИКА, БІЛІМ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ МИНИСТРІ:

 - Елдеріңіздегі инвестициялық ахуалдың жақсы екендігін бұрыннан білеміз. Себебі Қазақстанға осыдан 5 жыл бұрын келгем. Экономиканы ілгерілетін жаңа бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанына куәміз. Сондықтан біздің де бизнесмендер қаражат бағыттап, қос ел үшін тиімді жобаларды бірлесіп қолға алуға ниетті. Жиында көтерілген мәселелерді елімізге барып, министрлермен талқылаймыз. Сосын нақты қадамдар жасалады.