Қазақстан-Өзбекстан: Қаржылық ынтымақтастық - Kazakh TV

Қазақстан мен Өзбекстан қаржылық сала бойынша өзара ынтымақтастықты күшейтті. Енді жергілікті қаржы институттарына көрші ел нарығына кіруге мүмкіндік бар. Бұған Қазақстанның ұлттық банкі мен Өзбекстан орталық банкі арасында жасалған келісім заңды незіз салып отыр. Екі ел арасындағы ресми құжатқа сәйкес «Банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы» уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұдан былай қос мемлекеттің бірінші деңгейлі банктері іштегі қаржы саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер жайлы ақпарат алмасып тұратын болды. Сарапшылардың пікірінше, осы келісім талаптарына сай екінші деңгейлі банктер де елдердің аумағында трансшекаралық мекеме құруға мүмкіндік алады. Қазіргі таңда көршілес мемлекетте қызметін өрбітуге қазақстандық банктердің бірі дайын отыр. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, өзге елде өз бөлімшелерін ашуға мүдде танытып отырған басқа да жергілікті қаржы институттары баршылық. Ол өзбек нарығының сұранысына байланысты, дейді еліміздің бас қаржыгері.

ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

 - Егер өзге банктер Өзбекстанда өз бөлімшелерін ашқысы келсе, бұл келісім осы ниеттерін жүзеге асыруға заңды түрде мүмкіндік береді. Әрине ресми құжатта көрсетілген ережелер толығымен ескерілген жағдайда. Келісім талаптарына біздегі көптеген қаржы институттары жауап беретініне сенімдімін.

ТИМУР ИШМЕТОВ, ӨЗБЕКСТАН ОРТАЛЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл құжат банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимылды реттеуге сай болу үшін тиісті мамандармен бірнеше ай бойы өңделді. Ол Қазақстанның Ұлттық банкінің бақылау тәжірибесі және монетарлық саясат бойынша 2 бағытты қамтиды. Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы  қызметі жетілген. Бұл тәжірибе түрлі жағдайларда үздік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер