«Protecting Business and Investments» кеңсесінің қызметі - Kazakh TV

Еліміздегі инвестициялық климатты жетілдіру, кәсіпкерлердің алдында туындайтын түрлі кедергілерді жою. Бір ай ішінде «Protecting Business and Investments» кеңсесінің көмегіне 17 бизнесмен жүгінген. Олардың өтініштері түрлі әкімшілік кедергілерді жоюға байланысты.  Мамандар бұл мәселелерді шешу бойынша арнайы кейстер әзірлепті. Нәтижесінде инвесторларды уақытша тіркеу мәселесі реттелген. Жүкті тасымалдау барысында да  айтарлықтай қолайсыздық туындайтын. Өйткені тауар тасымалдау үшін Көлік  комитетінен рұқсат алу керек. Және де Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті лицензия беруі тиіс. Мұның бәріне 1 ай жұмсалатын.

ГҮЛМИРА ҚАБИЕВА, PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Әкімшілік кедергілерді жою үшін бұл қызметтерді біріктіру ұсынылуда. Өйткені оны бір мемлекеттік орган көрсетеді. Осылайша бұл істі жүзеге асыру мерзімін қысқартпақпыз.

УРБАН РЫБАК, ИНВЕСТОР:

 - Қазіргі таңда тиісті органдардың көмегіне жүгіне аламыз. Бұған дейін кейбір заңнамаларға байланысты қиындықтар туындайтын. Енді бұл жұмыс оң жолға қойылды. Қандайда бір мәселелер туындаса , тиісті құрылымдар шешуге барынша қолдау көрсетеді. Бұл, әрине, өте қолайлы. 

Бұл жобалық кеңсе Инвестициялар және даму министрлігінің жанынан ашылған болатын. Қызметін енді бастаған офистің алғашқы айы бизнес қауымдастық арасындағы түсіндіру жұмыстарына арналды. Барлық өңірлерде фронт-кеңселер ашылған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер