Шетелдік компаниялар инвестиция бағыттаған экономика салалары көбеюде. Алматы облысында сингапурлық капиталдың қатысуымен ірі цемент зауытының құрылысы басталды. Инвесторлардың айтуынша, кәсіпорынды салу орны мұқият ойластырылған. Кербұлақ ауданы облыс орталығында орналасқан. Бұл жерде республикалық маңызды автожол мен ірі теміржол тармағы өтеді.

БОЛЫСБАЙ МОМБАЕВ, КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Мұның енді бізге пайдасы өзімізде цемент шығады, біріншіден. Ал бюджетке бізге 2 миллиардқа дейін салықтық түсімдер түседі деген жоспарымыз бар. 

Зауыт құрылысына Кербұлақ ауданынан 40 гектар жер бөлінген. Жобаға 50 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды. Сингапурлық іскерлердің қатысу үлесі 40 пайызға тең.

БОЛЫСБАЙ МОМБАЕВ, КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Қазір мамандарымызды оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өз мамандарымыз жетіспей жатса, басқа аудандардан шақыртамыз. Вахталық кестемен жұмыс ұйымдастыру жоспарланған. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

Жыл сайын 1 миллион 200 мың тонна жоғары сапалы цемент өндіретін зауыт 2019 жылы пайдалануға беріледі. Бұл көлем Алматы облысының цементке деген сұранысын артығымен өтейді. Қалғаны еліміздің өзге өңірлеріне жөнелтіледі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер