«Астана» халықаралық қаржы орталығы нарықтағы барлық қатысушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады. Еске салсақ, қаржы хабы жаңа алаңда бизнес жүргізудің тиімді жолдарын ұсынып отыр. Бұл оңтайландырылған визалық режим, салықтан босату, сонымен бірге ерекше юрисдикция. Бұдан басқа, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аймақтағы тартымды активтерге инвестициялауға да мүмкіндік береді.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ,  АХҚО БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Биржа жұмысын бастауға дайын. Қазір біз компанияларды  жекешелендірудің басталғанын күтіп отырмыз. Қыркүйек-қазан айларын индикативтік мерзім деп қарастырып, ол уақытта біздің биржаға алғашқы компания шығады деп күтеміз. Кейін тағы қаржы орталығының халықаралық биржасында тағы 3 компанияның орналасуын жоспарлап отырмыз.

Американың бизнес өкілдері қазақстандық серіктестермен өзара тиімді ыңтымақтастықты кеңейту мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін  толық пайдалануға ниетті. Ірі америкалық компания директоры, белгілі адвокат, бизнесмен және меценат Эдвард Мермельштейн қаржылық хаб арқасында жаңа инвесторлардың тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл аймаққа деген қызығушылықтары артады деп санайды.

ЭДВАРД МЕРМЕЛЬШТЕЙН, БИЗНЕСМЕН:

 - Орталықтың серіктестері Шанхай қор биржасы мен Nasdaq екені белгілі. Сол себепті де Қазақстан дамуының жаңа өрісі пайда болады. Америкалық компаниялар да түрлі транзакцияларға қатысып, АХҚО бүкіл әлем үшін есігін айқара ашады деп үміттенеміз. Орталық жұмысының құқықтық қыры, ислам банкингінің принциптері көптеген инвесторлар тартуға сеп болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер