2023 жылға дейін Қазақстан жаңа жасанды жер серігін орбитаға ұшырады. Жаңа үлгі  қазіргі қолданыстағы КаzSat-2-ні  алмастыруға арналған. Мұның қуаты едәуір артық. Ол еліміздегі 4 мың телерадио, байланыс және спутниктік желілерді қамтиды. Биыл салынғанына 5 жыл толған «Көктерек» республикалық ғарыштық байланыс орталығында осы жаңа жер серіктің мүмкіндіктері таныстырылды. Қазір жобаны іске асыру жұмыстары жүріп жатыр.

БАУЫРЖАН ҚҰДАБАЕВ,  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒАРЫШ ОРТАЛЫҒЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көп тапсырмалар бар. Әр түкпір ауылдарға жеткізу, мектептерге интернет жеткізу сынды үлкен мақсатттар қойып отыр. Соның бәрін жеткізу үшін бізге жаңадан құрылатын жер серігіміз де жаңа болуы керек.

Қазір ғарышта Қазақстанның Kaz Sat-2 и Kaz Sat-3 атты 2 жерсерігі бар. Олар жер шарынан 39 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Ал құрылымдарды  басқару еліміздегі «Аққөл» және «Көктерек» атты ғарыштық байланыс орталықтары арқылы жүргізіледі.

РОМАН ЕРМАШОВ, «КӨКТЕРЕК» ҒАРЫШТЫҚ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Жобалау кезіндегі барлық ережелер ескеріліп, тапсырма орындалды. Сол арқылы біз шетелдік әріптестерге тәуелді болмай, басқару тізгінін толық өз қолымызға аламыз.

Ғарыштық байланыс орталығы – ерекше нысан. Жазғы маусымда 1 ай ал, қыста екі жеті автономды жұмыс істей алады. Олар қуатты дизельді генераторлармен және сыйымдылығы 500 текшеметрлік резервуармен жабдықталған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер