«Астана» ХҚО ЕАЭО үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ қаржы нарығын құрмақ. Ол үшін еліміз Еуразиялық экономикалық комиссиямен тығыз қарым-қатынас орнатпақ ниетте. Сарапшылар ЕАЭО аясындағы инвестициялар мен жаңа жобаларды маңызды мәселелер қатарына қосып, ынтымақтастық нығайта түсуде. Еуразиялық бестік елдері алдындағы басты мақсат – 2025 жылға қарай қаржы нарығын реттеу саласындағы заңнаманы үйлестіру. Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, бұл үдерісті әлемдік қаржы революциясы аясында жасау керек.

Астанадағы қаржы орталығы Еуразиялық экономикалық одақ үшін пилоттық алаң болмақ. Онда тұрақтандырудың жаңа тәсілдері мен құралдары сынақтан өткізіледі.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХҚО БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Біздің басты мақсат – әлемдік инвесторлар үшін жаңа қаржылық технологиялар  үшін тартылыс орталығы болу. Сонымен қатар олар өздерінің өнімдерін немесе инвестицияларын  ЕАЭО елдеріне ұсынуына мүмкіндік туады. ХҚО инвестициялық әлемдік қауымдастық үшін кепілдік терезесі болуы мүмкін. ХҚО платформасы арқылы посткеңестік кеңістікке интеграциялану керек. Біздің платформаны құрылымдау үшін тиісті компаниялар құру қажет.

Ресей ғылым академиясы экономика институты сарапшыларының пікірінше, ең үздік әлемдік тәжірибеге негізделген халықаралық қаржы орталығын құру  Орталық Еуразия дамуындағы жаңа кезеңді ашады. Қаржы ресурстарын жұмылдыру арқылы аймақтың экономикасын жаңғыртуға ықпал етуге болады.

РУСЛАН ГРИНБЕРГ, РҒА ЭКОНОМИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қазақстан әлемдік және халықаралық деңгейдегі қаржы орталығын құру арқылы дұрыс жолда келе жатыр. Сонымен бірге әрбір қадамын нық, асықпай, ойланып басып келеді. Бұл орайда Ресей Қазақстаннан үлгі алуы керек.

Ресейлік экономистер «Астана» халықаралық қаржы орталығын капитал нарығына жаңа мүмкіндіктер тудыратын стратегиялық маңызды құрал ретінде қарастырып отыр.