Қазақстан-Жапония сауда айналымы

Қазақстан экспорттық әлеуетті арттыруда. Жапониямен тауар айналымының көлемі бойынша оң динамиканы атай аламыз. Өткен жылы қазақстандық өндірушілер Күншығыс еліне 8 миллион доллар көлемінде тауар жеткізді. Бұл – мұнай өнеркәсібі, тау-кен рудасы мен металлургия салаларының өнімдері. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер астық, ұн және жылқы еттерін жеткізу бойынша үлкен мүмкіндіктерге ие. Өз кезегінде, жоғары технологиялы жапондық жабдықтар Қазақстанда сұранысқа ие. Сарапшылардың пікірінше, тауарларды үздіксіз жеткізу үшін логистикалық мәселелерді шешу қажет. Осы ретте муниципалдық қызмет, атом энергетикасы және қалалық көліктер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға мемлекеттік деңгейде қол қойылды. Жапония Қазақстанға инвестиция салуды жалғастыруды көздеп отыр. Бүгінгі таңда елімізде жапондықтардың қатысуымен 23 бірлескен кәсіпорын және 77 компания бар. Соңғы 12 жылда Күншығыс елінен тікелей инвестициялардың жалпы көлемі   5 трлн доллардан асты.

НҰРАЛЫ БӨКЕЙХАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САУДА ПАЛАТАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Логистикалық маршруттар енді ғана реттеліп, кәдеге асып жатыр. Келесі 3 жылда бұл сала толық реттеліп, қуатына көшеді деп ойлаймын. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен порты мен Қытай аумағымен өтетін темір жолы бар. Біз осы теміржол арқылы экспорттай аламыз, яғни Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы шеңберінде көлік қуаты әлеуетін толығымен пайдалана аламыз.