Астаналық агломерацияның дамуы

Астана агломерациясы – Қазақстанның ұзақ мерзімді өсу нүктесі. Ол қаржы орталығының, медицина және жоғары білім берудің жоғары деңгейін көтеруге негіз болды. Бұл үшін 2020 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспары әзірленді. Ол 82 іс-шараны 3 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырады. Сондай-ақ ірі көлік, экономикалық және индустриялдық жобаларға айналды. Бір мысал – елордамызда «ақылды қалалар» технологиясының сәтті енгізілуі.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Үкімет қаулысымен өнерлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарлама жаңа редакция қабылданды. Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктері арасында Астана агломерациясы бойынша бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойылды. Жалпы бірінші міндеттің жоспарланған 10 іс-шарасының ішінде 9 іс-шара орындалды және бақылауға алынды. Бір іс-шара орындалу сатысында.

Бұдан басқа, үкімет, сондай-ақ елорда маңындағы аймақтың сыртқы көлік жүйелерімен байланысы бар айналма жолды қалыптастыруды жоспарлап отыр. Астана агломерациясын дамытудағы ең ауқымды жобаларының бірі - «Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолы» атты құрылысы болады. Оны жүзеге асырудың арқасында елорда айналасында жол сақинасын жабатын жол учаскесі құрылады. Бұл қала арқылы өтетін автокөліктердің ағынын айналып өту арқылы бағыттауға мүмкіндік береді.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

 - Астана қаласының сыртқы аймақтық жолдарын тұйықтау мақсатында Астана қаласының Оңтүстік-Бастыс айналма автомобиль жолын салу жұмыстары жүріп жатыр. Автожолдың ұзақтығы – 33 шақырым. Ол 4 жолақтық қозғалысы бар бірінші санаттыжол болып салынады. 10/20 Шарт бойынша құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталды және жобаны 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, 2017 жылдың қорытындысы Астаналық агломерациясында 1 миллионнан астам адам өмір сүріп жатыр. Ол Қазақстан халқының 7% жуық. Бұл 124 елді-мекен. Сарапшылардың болжамдарына сүйенсек, Астаналық агломерациялар бойынша 2030 жылға дейін тұрғындардың үлесі 33%-ға артып, 1 млн 600 мың адамды құрайтын болады. Айта кетейік, екіжақты жоспарды 2 жылда іске асыру үшін республикалық бюджеттен 50 млрд теңге қаражат бөлу болжанған. Оның үстіне, 800 миллионнан астам теңге жергілікті бюджеттен түседі.