ХВҚ: Қазақстанның экономикалық өсімі 5,5% жетпек

Алдағы жылдары Қазақстанның экономикалық өсімі 5,5% жетпек. Халықаралық валюта қорының сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Қор талдауы бойынша ішкі жалпы өнімді 5-5,5% жеткізу үшін Қазақстанға 2-4 жыл қажет болмақ. Ол үшін барлық құрылымдық реформалар мен бастамаларды жүзеге асыру керек. Қазақстан экономикасына «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы оң әсерін тигізетін болады. Хаб арқылы алғашқы транзакциялар биыл жазда өткізілмек. Халықаралық валюта қоры сарапшыларының пікірінше, қаржы орталығында барлық заң мен құқық нормалары сақталған. Тиісінше бұл инвесторлардың сенімін арттырып отыр.

МАРК ХОРТОН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚОРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША МИССИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Қазақстанның экономикасы алдағы 2-3 жылда мемлекеттік ынталандыру кезеңінен өтті. Қазіргі уақытта экономикалық өсім мүмкіндігі бар. Мемлекет пен ұлттық банк экономиканы инвестициялаудан алшақтауда.  Жеке сектор басты рөлге ие болады. Сондықтан тағы 1-2 жыл қажет болады.