Астана ірі қаржылық хабқа айналуда. Жақын арада атап айтқанда, 5 шілдеде «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылуы өтеді. Бүгінгі таңда АХҚО заманауи жоғары технологиялық инфрақұрылымды дамытуға арналған, яғни ол жақсы заңдармен қамтамасыз етілген, барлық тікелей және шет елдік инвестицияларды қамтамасыз ету үшін ұсынылатын қажетті шарттарды ұсынады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, АХҚО криптовалюталық сауда үшін инфраструктураны құрастырады. Қазіргі уақытта заңнамада трейдерлердің келісімі бойынша ұқсас қаржы операцияларын жүргізу қарастырылып жатыр. Жыл соңына дейін блокчейн жүйесін дамытуға арналған инвестициялар тарту жүйесі ұсынылады. Әкімшілік Астанадағы алаң қазақстандық, сондай-ақ халықаралық брокерлік компаниялармен сауда операцияларын жүргізуге әзір деп сендірді.

МАДИЯР КЕНЖЕБОЛАТ, ЭКОНОМИСТ:

-  Биржадан тыс сауда алаңында сатушы мен сатып алушы арасындағы алыс-беріс белгілі бір сыртқы кедергілер кесірінен сәтті орындалмай қалуы мүмкін. Ал қаржы орталығының ажырамас бөлігіне айналған Биржадағы коммерциялық келісімнің соңына дейін іске асырылатынына кепілдік берілмек.

АХҚО шеңберінде қаржылық сот сенімді кепілдік береді. Оның қызметі ағылшын заңдарының принциптері мен нормаларына негізделген. Бұдан басқа, халықаралық қаржы орталығы сатып алушыларға қазақстандық жетекші компанияларының активтері ұсынылатын негізгі алаңға айналады.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ:

 - Біз бәрінен бұрын көріп отырған нәтиже – ол қор биржасының іске қосылуы, ол 2 өте маңызды мәселелермен байланысты. «Самрұқ-Қазына» қорының ұлттық компанияларын жекешелендіру және де ішкі қарыздар дамуының бағдарламалары. Яғни, суверенді бондтардың шығуы, қаржы министрлерінің ұлттық валютадағы облигациялары, сондай-ақ алғашқы исламдық облигациялар туралы бағдарлама бар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 8 қазақстандық және қытайлық брокерлік компаниялар аккредитация рәсімінен өтіп жатыр. Сондай-ақ жоғары технологиялық биржалық платформадағы сауда операцияларын тестілеуден өтеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер