Газ тасымалының көлемі 11 есеге артты

Қазақстан сұйытылған газды сырт елдерге тасымалдау көлемін арттыруда. Мәселен, бір ғана Украинаға аталмыш өнім экспорты 11 есеге дейін артты. Осы жылдың 5 айындағы көрсеткіш бойынша, бұл елге 88 мың тонна шамасында  мотор отыны жөнелтілген. Қазақстандық өнім елдегі авто-газ дағдарысын еңсеріп, баға саясатын тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді.

СТАНИСЛАВ БАТРАЧЕНКО, ЕУРОПАЛЫҚ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 - Өткен жылы да қазақстандық газ өндірушілерінің көмегі арқасында елдегі автогаз дағдарасын еңсерген едік. Биыл да тасымалға тосқауыл болмай, қазақ ресурсының көлемі арта түседі деп сенеміз. Қазақ автогазының сапасы еуропалық талаптарға сай, сондықтан тұтынушының жоғарғы сұранысына ие.

Украиндық сараптамалық компанияның есебі бойынша, 2018 жылы да Украина-Қазақстан арасындағы газ сауда-айналымы рекордық көрсеткішке дейін артады.

ИВАН КУДИНОВ, УКРАИНА САРАПТАМАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАМАНЫ:

 - 2018 жылдың 5 айындағы көрсеткіш өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 11 есеге артық. Тікелей келісім арқылы тасымал көлемі күн санап өсіп келеді. Біздің компанияның есебі бойынша, 2018 жылы Украинаға тасымалданатын Қазақстандық газ жылына 200 тоннадан артық көрсеткішке жетеді. 

Мұнай өнімдері нарығының сарапшылары – қазіргі күні қазақ газы Украина нарығының 17% құрайтынын айтады. Жыл соңына дейін пайыздық үлес 20% дейін жетпек.