Елімізде мұнай өндіру көлемі артады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 104 млн тоннаға дейін жеткізіп, сырттан тасымалданатын жанармай көлемін айтарлықтай кеміту жоспарда бар. Биыл мұнай өндірісіндегі өсім 6,4%-ды құраса, экспорт көлемі 6%-ға жеткен. Бүгінде елімізде жанар-жағармай өнімдері артығымен өндіріледі. Қазірдің өзінде мұнай-газ жобаларын дамытуға көп қаражат салынуда. Мысалы, Қарашығанақ жобасы  инвестициясының жалпы құны 1,5 млрд долларды құрап отыр. Тұтастай алғанда, мұнай-газ саласы тікелей инвестиция тартуда басты секторлардың бірі болып қала береді. Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері Кедендік одақтың техникалық регламенті күшінен енген және шілде айынан бастап, жанармай сапасы Еуро 4 пен 5 экологиялық классқа сәйкес келуі тиіс. Ал сырттан тасымалданатын жанармай көлемі біртіндеп кемітіле беретін болады.

ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

 - Төртінші мұнай өңдеу зауытын салу жоспарда бар. Павлодар мен Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңартқаннан кейін жоғары октанды бензинді өндіру көлемі артты. Қазір резервте АИ-92 маркалы бензиннің 358 мың тоннасы бар. Қыркүйекте Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңарту жұмыстары толығымен аяқталуы тиіс. Сонда бензиннің көлемі арта түспек.

Министрліктің мәлімдеуінше, қордағы артық тұрған бензинді экспорттау жайы да қарастырылып жатыр. Оң шешімін тапса, Орталық Азияға және Каспий арқылы өзге елдерге жөнелту жоспарланған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер