Қазақстан мен ЕАЭО сауда айналымы

Қазақстан ЕАЭО елдерімен экономикалық ықпалдастық ауқымын ұлғайтпақ. Өткен жылы республиканың Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен тауар айналымы 17,5 млрд долларға дейін өсті. Биылғы жылы тараптар Иран және Қытаймен сауда-саттықты дамытуға, сонымен қатар Молдова және Хорватиямен ынтымақтастық орнату туралы құжаттарға қол қойды. Министрліктің ақпаратына сәйкес, ЕАЭО шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Израиль, Египет, Үндістан, Сингапур және Сербиямен еркін сауда туралы келісімдер жасалады. Қазір елдер ұйым экономикасын цифрландыру, Одақ нарығына тосқауылдарды жою және кедендік, техникалық, көліктік реттеу, мемлекеттік сатып алулар және бәсекелестік саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін бірге жұмыс жасауда.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық бойынша барлығы 25 инвестициялық жоба ны жүзеге асырып жатырмыз. Тартылған қаражаттың үлесі 76,2% құрайды. Жобалар шағын және орта бизнесті дамыту, автомобиль жолдарын салу және қайта жөндеу сияқты түрлі салаларда жүзеге асырылуда.