Қазақстан ЖІӨ 3,9 пайызға өсті

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі жыл басынан бері 3,9% өсті. Инвестициялық белсенділік және инфляциялық процестердің баяулауы – экономикалық өсімге әсер етуші басты факторлар. Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, 5 айдың ішінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,3% өсті. Бұған Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және Теңіз кен орнында болашақта кеңейту жобасын іске асыру негіз болып отыр. Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция ағыны 21,5%  артты. Сондай-ақ жыл басынан бері сыртқы сауда айналымы айтарлықтай өсім көрсетті.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Сыртқы сауда айналымы оң серпінді сақтап отыр. Ол ағымдағы жылдың I тоқсанында көрсеткіштер 24,3% ұлғайды. Экспорт көрсеткіштері 27% артты. Бұл орайда, шикізаттық емес тауарлар экспортының өсімі 11,2% құрады.