«Астана» ХҚО криптовалюталар нарығын реттеу тұжырымдамасын әзірледі - Kazakh TV

«Астана» халықаралық қаржы орталығы криптовалюталар нарығын реттеу тұжырымдамасын әзірледі. Ол виртуалды валютаны сақтап, айналымға шығаруды реттейтін болады. Құжат Астанада блокчейннің тәуекелдері мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған халықаралық жиын барысында таныстырылды.

АСЫЛБЕК ДӘУЛЕТОВ, АХҚО ФИНТЕХТІ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз бағалы қағаздарды жеке орналастыру режимін кеңейтіп отырмыз. Ол эмитенттерге қаржы институттарында тіркелмей-ақ өздерінің бағалы қағаздарын шығару арқылы пайда табуға мүмкіндік береді. Алайда бірқатар шектеулер де бар. Егер бағалы қағаздар қор нарығында арнайы білімі жоқ инвесторларға сатылса, біз лимитке шек қоямыз.

Еліміз қазіргі таңда блокчейн технологияларды енгізуге ден қойып отыр.  Нақты іске асырылып жатқан  жобалар бар. «Қазпочта», «Қазақтелеком» сынды ұлттық компаниялар да осы үрдіске кірісіп кетті. «Зерде» ұлттық холдингі мен телекоммуникация операторлары пилоттық жобаларға арналған инфрақұрылым әзірледі. Алайда оны жетілдіру керек, - деді Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

АСҚАР ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ұлттық банк тұрғындарға блокчейн және ақпараттық жүйелердің арқасында өз қаражаттарын инвестициялауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет көрсету кезінде электрондық астық қолхаттарын беру жүйесінде де блокчейн енгізілді.  Оларды құнды қағаздардың прототипі ретінде қарастыруға болады. Бұл процестің мейлінше ашық болуын қамтамасыз етеді.

АЛАН ДОРДЖИЕВ, БЛОКЧЕЙН ЖӘНЕ КРИПТОТЕХНОЛОГИЯЛАР ҰЛТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Дәл қазіргі уақытта блокчейн айтарлықтай коммерцияланып отырған жоқ. Өйткені технологияның өзі даму үстінде. Блокчейн мемлекет үшін аса қажет болатын смарт келісім-шарттарды қолдану, ақша аударымының ашықтығы мен мәліметтер базасын сақтауға жағдай жасайды. Ал бұл елдің индустрияландырудың жаңа кезеңіне өтуі үшін аса маңызды.

Алан Дорджиев блокчейнді дамытуда әр елдің өз тәжірибесі бар, - дейді.  Қазақстанның оларға сүйене отыра, криптотехнологиялар саласындағы өзіндік  ұстанымын қалыптастырмақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер