Астанада Қазақстан-Словения бизнес клубы ашылды - Kazakh TV

Астанада Қазақстан-Словения бизнес клубы ашылды. Қос елдің 60-қа тарта іскерлік топ өкілдерін жиған халықаралық бизнес форумда жаңа нысанның тұсауы салтанатты түрде кесілді. Бизнес клубтың іске қосылуымен өзара кәсіпкерлерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылады деп көзделуде. Тараптар енді екі жақты сауда-саттық еселене түсетініне сенімді. Былтырдың 9 айындағы Қазақстан мен Словения арасындағы алыс-берістің нәтижесінде тауар айналымы 97,2 млн долларға жеткен. Словения еліміз үшін Орталық Еуропаға жол салатын маңызды стратегиялық әріптес саналады. Аталмыш мемлекет – блокчейн технологиясын сәтті ендірген елдердің бірі. Олар осы заманауи жүйенің мүмкіндіктерін пайдалану және ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктермен бөлісуге мүдделі.

ДЕЯН ШТАНЦЕР, ҚАЗАҚСТАН-СЛОВЕНИЯ БИЗНЕС КЛУБЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Қазақстан – біздің компаниялар үшін аса маңызды нарық. Бүгінде 100-ден астам словениялық кәсіпорын Қазақстанда белсенді жұмыс жасап жатыр. Былтыр словениялық компаниялар Қазақстанның экономикасына 60-80 млн инвестиция құйғанын атап өткім келеді. Бұл – тікелей сырттан келген шетелдік қаржы. Мұнда біздің компаниялар IT саласынан бастап, ірі өндірістік кешендерге дейінгі барлық бағыттарда табысты еңбек етуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер