Қытай еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөлмек

Қытай еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөлмек

Қытай еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөлмек. Екі елдің азық-түлік индустриясы қауымдастығының басшысы Кемелхан Әбілековтың айтуынша, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында Қытай кәсіпкерлері өз тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Атап айтсақ, аспан асты елі жергілікті ауыл шаруашылығы саласына өздерінде қолданатын заманауи үлгідегі технологиясын ұсынып отыр. Сондай-ақ жоба аясында келешекте тың технологияны игеру бойынша өңірлерде жаңа оқу орталықтары ашылады.

ЛИ ИНЬ ЦЗЭН, ҚХР ҰЛТТЫҚ ДӘНДІ-ДАҚЫЛ ВЕДОМСТВОСЫ ӘКІМШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Біздің делегация Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігімен алғашқы келіссөздерін өткізді. Осы орайда 2 ел басшылығы мен ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін кәсіпорындар өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізе алады деген сенімдемін. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Қытай нарығы қолжетімді бола түседі деп ойлаймын.

КЕМЕЛХАН ӘБІЛЕКОВ, ҚЫТАЙ-ҚАЗАҚСТАН АЗЫҚ-ТҮЛІК ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Елбасымыздың Қытай басшылығымен қол қойылған келісімдердің арқасында, Қытай мемлекетіне майлы дақылдардың өнімдерін, өсімдік майын, бидай және де басқа келісімге енген өнімдерді өткізіп жатырмыз. Қытай шекарасындағы ұйымдар соған бізге қолдау көрсетіп жатыр. Күннен күнге біз қытай мен қазақтың арасындағы ұлттық стандарттардың бір-біріне сәйкес болу үшін себеп жасап жатырмыз.

Еске салсақ, көрші елдер арасындағы келісімге өткен жылдың қазан айында қол қойылған болатын. Бүгінде қазақстандық экспорт үшін Қытай нарығын әлі де қолжетімді ету жұмыстары атқарылып жатыр, дейді қауымдастық өкілдері.