Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Кельнде өткен бизнес-форумда таныстырылды. Елшілігіміздің қолдауымен ұйымдастырылған шараға Германияның кәсіпорын басшылары, инвесторлар мен саясаткерлер қатысқан. Қазақстандық делегацияны басқарып барған «Kazakh Invest» төрағасы Сапарбек Тұяқбаев ұлттық компанияның жұмысы мен  Қазақстанда бизнес жүргізудің жағдайын және тиімді бағыттар туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Форумға шақырылған неміс кәсіпкерлері еліміздегі бизнес ахуалға оң баға берді. Жаңғыртпалы энергия, туризм, құрылыс саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді инвесторларға арналған салық жеңілдіктері қызықтырып отыр. Сонымен қатар қазақстандық делегация Кельнде бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. 

ХЕНИНГ ЦОЦ, ZOZ GROUP ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Осы тұсаукесерде Қазақстан туралы көптеген  қызықты мәліметтерге қанық болдым, бизнестегі бұл қадамдары шынымен де жігерлендіреді. Қарқынды дамуы мен тұрмыс деңгейімен бізді таңқалдырған ел. Қазақстан өз даму жолында үлкен әлеуетке ие деп есептеймін. Біз технологиялық компания болғандықтан, инновациямен айналысып, дайын өнім шығарамыз. Бізді Қазақстан экономикасы қызықтырып отыр.

ГЕНРИХ ЦЕРТИК, БУНДЕСТАГТЫҢ БҰРЫНҒЫ ДЕПУТАТЫ:

 - Қазақстан маған жақын, өйткені ол – менің туған жерім. Үнемі неміс кәсіпкерлеріне Қазақстанға инвестиция салыңдар деп кеңес беремін. Сондықтан да инвестиция мүмкіндіктері туралы неміс кәсіпкерлерінің көп ақпарат алғаны маңызды. Соңғы 5 жылда Қазақстан мен Германияның экономикалық қарым-қатынасы ұлғайып келеді. Екі ел  дигитализация мен құрылыс саласында тығыз әріптестік орнатуы қажет деп ойлаймын.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер