ЕАЭО-Қытай: Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ЕАЭО-Қытай: Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Еуразиялық экономикалық одақтың экспорты 40% өсіп, Қытаймен арадағы тауар айналымы 100 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткішті енді еселеуге мүмкіндік бар. Астана экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытай Халық Республикасы арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қытаймен жасалған ортақ мәміле негізінде одаққа мүше елдер арасындағы өзара кедендік келісімдерді нақтылап, құжаттарды реттеу алдағы 2 айда шешілмек. Негізінен ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, өндіріс, инфрақұылым, қаржы мен қоршаған орта саласында өзара ынтымақтастықты дамытуға басымдық беріледі. Қазірдің өзінде қытайлық тарапқа көлік саласы бойынша 40 жоба ұсынылған. Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу институтының сарапшысы Чжан Нин «бұл келісімнен одаққа мүше елдердің Қытайға деген сенімі артқанын көреміз», - дейді.

ЧЖАН НИН, «БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл келісім өте маңызды. Неге десеңіз, Қытай мен Қазақстан арасындағы ғана емес, жалпы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен байланыс нығаяды. Сауда-саттық, бірлескен инвестициялық жобаларды жүргізу қолайлы бола түседі. Бұл келісім Қытайдың Еуразиялық экономикалық одақпен сауданы күшейтудегі нақты қадамы.  Екіншіден, өзара сенім артты деген сөз.