Жаңа ортаазиялық сауда-саттық - Kazakh TV

Орталық Азия елдері өзара сауда көрсеткішіндегі жеке сектордың рөлін арттырмақ. Бұл мәселе Астана экономикалық форумы аясында өткен панельдік сессияда талқыланды. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңда Орталық Азия елдері арасындағы аймақаралық сауда әлі де шектеулі. Алайда елдер ашық сауда стратегиясы мен бұл бағыттағы түрлі реформаларды қолға алған.

ШИГЕО КАТСУ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Кез келген елдің экономикасында жергілікті өндірушінің шығарғаны әлдеқайда тиімді болатын тауарлар бар. Басты міндет - бұл қандай тауарлар екенін анықтап, бизнестің сол өнімдерді өндіруіне қолдау жасау. Қазақстанда мұндай тауарлар қатарында бал, сүректен жасалатын өнімдерді жатқызуға болады. Олар бұл жерде шығарылған қосымша құн салығы қосылған тауарлар бола алады.

Жиналғандар Орталықазиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастық ұйымының сауда-саттықты ықпалдандыруға тигізетін әсерін сөз етті. Сондай-ақ «Бір жол, бір белдеу» бастамасының Еуразиялық экономикалық одақ сынды аймақтық келісімдер және  бастамалармен ұштасуын талқылады.

ВЕНЧАЙ ЖАНГ, АЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Біздің ойымызша, болашақта Қазақстан және өзге де Орталық Азия және Кавказ елдері барлық аймақтық бастамалардың жемісін көреді. Азия даму банкінің Ортаазиялық өңірлік экономикалық ынтымақтастық ұйымы, «Бір жол, бір белдеу» бастамасы солардың қатарында. Қазақстан аймақтық интеграцияда маңызды рөлге ие. Мемлекеттің бұл үрдісті барынша қолдап отырғандығын көрудеміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер