АЭФ: Блокчейн технологиясы - Kazakh TV

Цифрлық жарылыс – дәл қазір дүниежүзінде етек жайған ең маңызды алып өзгеріс. Астана экономикалық форумында дамудың 5 мегатрендін атап өткен Қазақстан Президенті алғашқы жаһандық үрдіске сандық жүйені жатқызды. Бұл орайда болашақта қаржылық технологияларға үлкен мән беріліп отыр. Бүгінде 1500-ден астам криптовалюта, блокчейн технологиялары бар.

ДЖОШУА ХОУЛИ, МАВРИКИЯ БЛОКЧЕЙН КЕҢЕСШІЛІК ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

 - Бүгінгі таңда қолданыстағы дискілік операциялық технологияға негізделген ескі жүйе  1980 жылдары ендірілген. Бұл қазіргі зымыраған заманауи үрдістерге тым қолайсыз, тиімділігі аз өте баяу жүйе. Бүгінгі жылдам саналатын банк карталары арқылы жүргізген транзакциялардан кейінгі есептеулердің өзі  3-4 жұмыс күнін алады. Ал блокчейн технологиясы бұл үрдісті бірден атқаруға мүмкіндік береді. Әрі кетсе 20 минуттың ішінде қаржылық трансфер пайдалануға жарамды  болады. Блокчейн  технологиясы қолданыстағы жүйені  көп ұзамай ығыстыратынына сенімдімін.

Жаңа саланың халықаралық деңгейдегі мамандары блокчейн криптовалютаға қарағанда ауқымды ұғым, оны тек электронды қаржы ретінде қарау тым тар түсінік дейді. Жүйені өндіріс саласына ендіруге болады екен. Тіпті шикізатты тауар немесе түрлі қызметтерді де кешенді айналымға алудың мүмкіндігі бар. Қауіпсіз ақпараттық қоймада бірегей технологияның басым тұсы саналады.

ДЖОШУА ХОУЛИ, МАВРИКИЯ БЛОКЧЕЙН КЕҢЕСШІЛІК ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

 - Технологиялық тұрғыда мәселен сақтандыру, ақпаратты басқаруды сәйкестендіру үшін осы жүйені қолдануға болады. Мәселен, Қазақстан өзінің барлық азаматтарының деректерін сәйкестендіру үшін блокчейнге енгізеді. Бұл алдымен – қауіпсіздік. Бұл дегеніміз – хакерлерге ел азаматтарының жеке мәліметтерін алуға жол жабық деген сөз. 

300 млн долларға бағаланып отырған бүгінгі криптоқаржының нарықтағы айналымы 2027 жылы жалпы әлемдік ішкі өнімнің 10% құрайды деп болжануда. Бұл шамамен 10 трлн. долардан асып жығылатын сома.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер