Қазақстандық автозауыттардың бірі электромобильдердің сериялық өндірісін қолға алмақ

Қазақстандық автозауыттардың бірі электромобильдердің сериялық өндірісін қолға алмақ

Қазақстандық автозауыттардың бірі электромобильдердің сериялық өндірісін қолға алмақ. Отандық өнім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің нарығына шығарылмақ. Бүгінде «жасыл» техникаға деген сұраныс күн санап артып келеді, дейді кәсіпорын басшылығы. Зауыт технологиялық тұрғыдан жыл сайын 500 электрокар шығаруға қауқарлы.

МИХАИЛС КВЕТНИС, КӘСІПОРЫННЫҢ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз Кедендік одақта сертификатталған алғашқы сериялық электромобильдер өндірісін игеріп жатырмыз. Бұл ретте Еуразия экономикалық одағындағы автозауыттардың алдынғы қатарындамыз.

СЕРГЕЙ МОГИЛАТОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Жанар-жағармай құю станциялары әр жерде бар. Электромобильдерге де сондай қызмет көрсететін орындар керек. Егер адамдар көлігін қуаттандыратын, жөндейтін, батарея ауыстыратын кезде қиындық  туындамайтынын білсе, сатып алушылар көбейетіні  сөзсіз.

«Нарықты барлау» мақсатында соңғы 2 жылда автозауыт конвейерінен 27 «жасыл» көлік шығарылған. Электромобильдер экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді екендіктерін дәлелдеді. «Жасыл» көліктерді толық қуаттандыруға 40 киловатт электр энергиясы жеткілікті. Бұл бензинмен салыстырғанда, анағұрлым арзанға түседі.

ОЛЕГ КОМИССАРОВ, ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІКТЕР ҚҰРАСТЫРУ ЦЕХЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Экологиялық жағынан тазалығы – үлкен артықшылық. 1 километрге кететін қуат шығынын есептегенде, отынға қарағанда 50%  арзан болып шықты.

Қытайдың трансұлттық корпорациясы экологиялық таза көлік өндірісін шығаруда серіктес болып отыр. Ол озық технологиялық жаңалықтарымен бөлісуде. Осы арқылы электрлік автокөліктің өзіндік құнын арзандату көзделген.