Қазақстан мен Түркия экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуде. Инвестиция апталығы аясында Стамбул мен Анкарада қазақстандық делегацияның өкілдері 35 ірі түрік компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Қатысушылар тау-кен металлургиясы, құрылыс және энергетика, телекоммуникация және ауыл шаруашылығы, тоқыма және дәрі-дәрмек салаларындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Қазақстанның тартымды инвестициялық климаты мен іскерлік жағдайына түрік кәсіпкерлері қызығушылық танытты және де олар елде бірнеше жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Осылайша, елімізде қуаттылығы 50 мегаватт болатын күн электр станциясын салу жоспарланып отыр. Геологиялық барлауға арналған бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге де қол жеткізілді.

БУРАК БАСМАДЖЫ, «BETEK BOYA KIMYA» КОМПАНИЯСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Қазақстанның әлеуетіне сеніммен қараймыз. Инвесторларға мемлекеттік деңгейде көрсетіліп отырған жеңілдіктер мен қаржылық және инфрақұрылымдық көмектерді біліп, инвестициялық жобамызды іске асыруға бел будық. Өйткені Қазақстан және онымен көршілес жатқан мемлекеттердің нарығы біз үшін өте маңызды.

АРЫСТАН ҚАБЫКЕНОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Мақсат – инвесторларды көптеп тартып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жұмылдыру. Түрік компаниялары өте белсенді. Біз өз кезегінде инвесторлары батыл шешім қабылдайтын елдерді әдейі таңдап бардық. Олардың қолында қаржы, технология, біліктілік пен тәжірибе бар. Қазіргі таңда бұл жобаларды бірлесіп, іске асыруға қазақстандық кәсіпкерлер де табылып отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер