Жаһандық экономикалық гравитация Орталық Азия аймағына қарай ауысуда. Сондықтан өңірдің жаһандық қаржы жүйесіне тезірек енуі – уақыт талабы. Астана экономикалық форумы барысында жаһандық қаржы географиясының өзгеру мәселесі сөз болды. Оған экономиканың түгелдей дерлік саласына тың технологиялардың енуі септігін тигізуде, - дейді сарапшылар. Жиын барысында капиталдың халықаралық легін қамтамасыз етуде қаржылық технологиялардың маңызы қандай? Жаңа жаһандық қалаларды, жаңа қаржылық орталықтарды дамыту үшін не істеу керек деген тақырыптар көтерілді. Инвесторлар ең алдымен табыс түсіретін компанияларды іздейді. Мұнымен қатар қауіпсіздікке баса көңіл бөлінеді. Яғни заңның үстемдігі маңызды. Бұл тұста меймандар «Астана» халықаралық қаржылық хабы дер кезінде құрылды деген пікірде.

КРИС КЭМПБЕЛЛ-ХОЛТ, ЖАҺАНДЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫ РЕЙТИНГІСІН ҚҰРУШЫ

 - «Астана» халықаралық қаржы орталығынан бөлек, біз арнайы заң режимін құрдық. Ол ағылшын құқығы нормалары мен принциптеріне негізделген. Сондай-ақ өзге жетекші қаржы орталықтарының стандарттары қолданылады. Мұның бәрі Қазақстан мен жалпы аймаққа бағытталатын инвестиция көлемінің артуына жол ашпақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер