ХВҚ: Қазақстан ОА аймағында берік орынды сақтайды - Kazakh TV

Әлемдік экономиканың өсуі 2017 жылғы соңғы 6 жылда рекордтық деңгейге жетіп, 3,8% - ды құрады. Дүниежүзілік экономиканың белсенді күшейіп келе жатқаны – Орталық Азия мемлекеттері үшін оң фактор. ХВҚ мамандарының айтуынша, өңірде экономикалық жағдайлардың жақсаруы, негізгі сауда серіктестері, сонымен қатар шикізат тауарлары бағасының жоғарылауы мен бірқатар реформалардың жүзеге асырылуына қарай бұл көрсеткіштің өсуі байқалады. Халықаралық валюта қоры Кавказ және Орталық Азия өңірінің экономикалық жағдайы туралы жыл сайынғы есебімен таныстырды.

Ондағы сараптамаға сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2017 жылы 4 пайызды құраған. «Бұл жақсы көрсеткіш», - дейді мамандар. Ұлттық экономиканың дамуына мұнай бағасының қымбаттауы, металл және ауылшаруашылық тауарларына сұраныстың артуы оң ықпал еткен. Мемлекеттік бағдарламалар есебінен жылжымайтын мүлік нарығы жанданып, ауыл шаруашылығы өндірушілерін несиелендіру күшейген. ХВҚ болжамы бойынша, алдағы бірнеше жылда экономикалық өсу қарқынды түрде жүреді. Сондықтан да экономистер инфляцияны реттеуге және сыртқы сын-қатерлерге төтеп беруге жағдайы жеткілікті Ұлттық Банктың жұмысына ерекше назар аударып отыр.

ЖАНАТ ҚҰРМАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Орталық Банктің белгілі құралдары бар, соның ішінде ішкі нарықта құрал-саймандарға интервенциялар жүргізу.

ХВҚ назар аударатын тағы бір маңызды фактор – қаржы секторын реттеушінің мәселелері  мен ақша-несие саясаты бойынша сұрақтар болып келеді.

ЮХА КЯХКОНЕН, ХВҚ ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Көптеген банктер рекапитализация жүргізді. Енді экономиканы несиемен қамтамасыз ету маңызды. Бірінші кезекте сенімді борышкерлермен жұмысты жақсарту керек.

Халықаралық Валюта Қоры  елдер мен аймақтар жаһандық өсу толқыны және өз экономикасын әртараптандыруға құрылатын бастамалар мүмкіндігін, сонымен қатар ұзақ мерзімді өсу перспективасын пайдалануы тиіс деп санайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер