Криптовалюталар қаржы нарығын түбегейлі өзгертеді - Kazakh TV

Криптовалюталар қаржы нарығын түбегейлі өзгертпек. Global Challenges Summit-те Елбасының ортаға салған осындай пікірімен Эмиссияларға арналған Blockchain мен цифрлы активтерді сату платформасының негізін қалаушы Александр Иванов келісетіндігін айтады. 2030 жылға дейін жасанды интеллект әлемдік көрсеткіштерді 16 трлн долларға дейін арттырмақ. Еліміз мұндай өзгерістерге сай болу үшін «Цифрлы Қазақстан» сынды бағдарламаларды қолға алып отыр. Сарапшының айтуынша, олар бұл бағытта Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға әзір.

АЛЕКСАНДР ИВАНОВ,  WAVES PLATFORMБАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Цифрлы экономиканың жаһандық  экономикадағы рөлі артып келеді. Сондықтан Қазақстан мен көршілес елдерде бұл саланы дамыту маңызды. Қазақстан Президенті цифрлық технологияларды, блокчейнді дамытудың маңыздылығына баса назар аударуда. Бұл, әрине, саланың алға жылжуына үлкен қолдау болады.

Ел экономикасы мен тұрғындардың өмірінде қала рөлінің басым болуы – келесі әлемдік мега-тренд. Елімізде бұған дейін миллион халқы бар қала тек Алматы болса, енді оған Астана мен Шымкент қосылып отыр. Бұл тұста Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруда.

ЭРККИ ВЕЙСМАНН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭСТОНИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

 - Алдағы уақытта әлемдік экономика мен инновациялардың дамуын мемлекеттер емес, ірі қалалар қалыптастыратын болады. Эстонияда да тұрғындар шаһарларда көптеп шоғырлануда. Урбанизация әлемдік трендке айналды. Бір жағынан бұл проблема болса, екінші жағынан үлкен мүмкіндік.

Белгілі футуролог, Швецияның экономика мектебінің профессоры Кьелл  Нордстрем, 50 жылдан соң 218 мемлекеттің орнына 600 қала болады деген болжам жасаған.  Таяу шығыста мұндай қала Дубай болса, Оңтүстік –Шығыс Азияда – Сингапур. Еліміздің бас шаһарына да жыл сайын 100 мыңға жуық адам көшіп келеді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер