Қазақстан елордасы Global Challenges Summit 2018 – Астана экономикалық форумының қатысушыларын қарсы алуда. Әлем сарапшылары бүгінгі күннің қауіп-қатерлерімен күрес жолдарын іздеп, өз ойларын ортаға салады. Саясаткерлер, белгілі ғалымдар, алдыңғы қатарлы қаржы институттары мен трансұлттық корпорациялар өкілдерінің назарына ақылды қалалар, таза энергия, ұзақ өмір сүру, цифрландыру, болашақ қаржысы, жаһандық қауіпсіздік сынды аса маңызды тақырыптар ұсынылып отыр. Елордаға әлемнің 111 мемлекетінен 5 мың сарапшы жиналды. Конгресс тарихында алғаш рет іскерлік сипаттағы 70-тен аса іс-шаралар әзірленген, сондай-ақ мәдени бағдарлама да мазмұнды. Астана экономикалық форумының тағы бір жаңашылдығы – қазақстандық жастарға арналғандығы. Елордадағы жетекші жоғарғы оқу орындарының студенттеріне аты әлемге мәшһүр ғалымдар дәріс оқиды. Бұл дәрістер фестивалі 2 күнге жалғасады. Жаһандық мәселелер сарапқа салынатын халықаралық форумнан 1000 жуық журналист ақпарат таратады, соның 120-сы – өзге мемлекеттерден келген тілшілер. Біздің арнамызда беделді сарапшылармен эксклюзивті сұхбаттар ұсынылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер