Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық байланысы

Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық байланысы

Астанада  Өзбекстан-Қазақстан I аймақаралық форумы және Ташкентте Орталық Азия елдерінің аймақтық экономикалық жиыны өтеді. Аталған шаралардың көздегені көршілес елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды арттыру. Қазақстан мен Өзбекстан тарапы экономиканың ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, фармацевтикалық өнеркәсіп пен машина құрастыру сынды маңызды салаларындағы әріптестікті жандандыра түспек. Бұл туралы өзбек астанасында өткен екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның отырысында белгілі болды. Сондай-ақ қазақстандық тараптың бастамасы бойынша «Орталық Азия» шекаралас халықаралық ынтымақтастық орталығын құру мәселесі көтерілді. Оның негізінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетінде тәулігіне 25 мың адамға дейін жеткізу жоспарланған. Айта кетейік, 2018 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы айтарықтай өсті. Алдағы уақытта көрсеткіш еселене түспек. Мәселен, Өзбекстан Қазақстаннан жылына 5 миллион тонна мұнай сатып алуды көздеп отыр. Ал  Қазақстан жағы табиғи газ импорттау көлемін ұлғайтпақ.