«AEF: Global challenges summit-2018» форумына қатысушалар талқылайтын 11 жаһандық мәселенің бірі – Әлем қалалары туралы болмақ. Халықтың жаппай ірі қалаларға қоныс аударуының пайдасымен қатар зияны да бар. Мәселен, АҚШ халқының 80 % қазір қалалық жерлерде тұрады. Салдарынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды газдың көлемі артып, экологияға орны толмас залал келіп жатыр. Бұған қоса урбанизация үрдісі қоғамдық көліктер қозғалысына, қаланың инфрақұрылымына және әлеуметтік-экономикалық жағдайына айтарлықтай әсер етеді.

АМИНА МОХАММЕД, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір әлемдегі 4 миллиардқа жуық адам қалаларда тұрып жатыр. Мәселен, 2050 жылға қарай мегаполис тұрғындары 6 милиардқа жетеді. Сондықтан, қазірден бастап бұл үрдісті тиімді жүргізу жолдарын табуымыз керек және ол тұрақты дамудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстанда урбанизация деңгейі қарқынды түрде өсіп келеді. Қала халқының саны, ауылдық елді-мекендерге қарағанда 2 есе жылдам көбеюде. Ranking.kz Қазақстан экономикасына мониторинг жүргізу жобасының сараптамасына сәйкес биылғы жылдың 2 айында қалалықтардың саны 26 мың адамға өсіп, бүгінде 10,5 млнға жетіп отыр. Шаһар тұрғындарының саны 12 және 16 аймақта жақсы байқалады.

Ал өмір сүруге қолайлы қала қандай болуы керек? Бүгінде әлемнің ірі мегаполистері кемел болашақ тұжырымын ойластырып жатыр. Осы орайда, барлық жағынан жайлы шаһар салуда нені ескеру керектігін жаһанға белгілі сәулетшілер мен урбанистерАстанада өтетін экономикалық форумда айтып бермек.

Танымал сингапурлық саясаттанушы, қалалардың болашағы мен олардың стратегиялық дамуы туралы бірнеше кітаптың авторы – Параг Ханна да осы мәселеге қатысты AEF: Global challenges summit-2018-де өзінің көзқарасымен бөліседі. Ол әр жылдары Нью-Йорктегі халықаралық қатынастар кеңесінің және Женевадағы әлемдік экономикалық форумының ғылыми кеңесшісі қызметін атқарған, Вэ Брукинг Инститьюшннің жаһандық басқару бағдарламасының идеяларын жүзеге асырып келді. Оның  мақалалары әлемнің үздік басылымдарынан түскен емес.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер