ЕЭО мен Иран арасында еркін сауда аймағына байланысты уақытша келісім

Астана экономикалық форумы жаңа көкжиектер ашатын болады. 17 мамырда Астана экономикалық форумы барысында, Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасында еркін сауда аймағына байланысты уақытша келісімге қол қою жоспарланған. Іс-шара қатысушы елдердің вице-премьерлері және ирандық тараптан вице-президент деңгейінде өтеді. Жаңа келісім отандық бизнеске айтарлықтай жеңілдіктер бермек, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. Естеріңізге салайық, Еуразиялық экономикалық одақ құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Армения елдері кіреді.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

 - Иран тарифтік концессиялардың 6 белгісі бойынша 241 тауар позицияларын ұсынады, яғни баж салығы айтарлықтай төмендейді. Әлеуетті экспорттың жалпы көлемі 8 млрд. Біз онда 8 миллиардқа жуық соманың бәрін қоймаймыз, яғни бұл өзіміздің тауарларды  жеткізуге дайын екенімізге және логистиканың қаншалықты жақсы дамығаны, Иран нарығында қаншалықты бәсекеге қабілетті болатынымызға байланысты болады. Бірақ бізде тауар неғұрлым төмен мөлшерлемелермен  жеткізілетіні рас.