Қазақстан мен ОАР әріптестігіне – 25 жыл

Қазақстан мен ОАР әріптестігіне – 25 жыл

Қазақстан Оңтүстік Африка елімен екіжақты әріптестікті нығайтуға мүдделі. 2020 жылға дейінгі сыртқы саясат тұжырымдамасында африкалық бағыт ең маңыздылардың бірі болып отыр. Өткен жылы екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толды. Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшісінің айтуынша, қазіргі таңда елдердің әріптестік көкжиегін кеңейту мүмкіндігі мол. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, білім және қаржы салалары қарастырылып отыр. Сондай-ақ мемлекеттер жоғары лауазымды тұлғалар мен дипломаттар үшін виза жүйесін жеңілдетуді көздеуде. Бұл байланысты одан әрі нығайтуға жол ашпақ.

КИЙТУМЕТЦИ СИЙПИЛО ТАНДЕКА МЭТТЬЮС, ОАР-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Қазіргі таңда біздің қорғаныс компанияларымыздың бірі мен Қазақстан арасында ірі келісім-шарт бар. Бұл ең қомақты инвестиция. Мұнымен қоса, Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасында инженерлік іс, химиялық өнім  бағыттары  бойынша сауда жүріп жатыр. Екі ел де табиғи қазбаларды өндіреді. Сондықтан бұл тұста екіжақты әріптестік орнаған. Осы салада Қазақстанда қолданылатын құрал-жабдықтың басым бөлігі Оңтүстік Африкадан алынады.