АЭФ 2018: Қалалар әлемі

Ресурстық тұрақтылықтан жаһандық қауіпсіздікке дейін. Астана экономикалық форумында 11 жаһандық мәселені талқылау жоспарланып отыр. Жетекші ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары мен саясаткерлер бір алаңда жаһандық сын-қатерлердің шешімін табу жолдарын қарастырмақ. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – урбанизация. Мегаполис тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін интеллектуалды жүйеге негізделген смарт шешімдер қажет. 

ОЛЖАС САРТАЕВ, «ASTANA INNOVATIONS»АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

 - Тұрғындар санының үнемі артатындығына байланысты ақылды жүйелер бізге қаланы басқарудың тиімді жүйесін жасауға көмек болады. Автобус бағытын дұрыс жасау, жолдарды салу, мектеп, ауруханалар ашатын жерді дұрыс таңдау сынды мәселелер туындайды. Мұның бәрін біз цифрлық технологиялардың арқасында әлдеқайда тиімді жасай аламыз.

Астанада болашақта қауіпсіз әрі жайлы қаланың үлгісіне айналмақ. Қазіргі таңда бас шаһардың инфрақұрылымында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда.

ОЛЖАС САРТАЕВ, «ASTANA INNOVATIONS» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

 - Смарт-білім беру, смарт-денсаулық сақтау, «Smart Astana» мобильдік қосымшасы, гео ақпараттық жүйелер, Сергек сынды технологиялардың бәрі тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға жағдай жасайды.

Жаңа инженерлік төңкеріс. Қала құрылысында пайдаланылатын технологиялар. 2050 жылдағы қалалар. Қазақстан шаһарларындағы адами капиталдың даму рейтингісі. Бұл мәселелердің бәрі Астана экономикалық форумында талқыланбақ. Қазіргі таңда елордамыз жоғары технологиялар мен инновациялардың аймақтық хабы ретінде танылуда.