«Астана» халықаралық қаржы орталығында ағылшын құқығының қолданылуы экономика мен құқық салаларын дамытпақ. Елордадағы конференцияға келген Англия мен Уэльстің заңгерлері осындай пікірде. Өйткені ағылшын құқығы, ең алдымен бизнеске негізделген, дейді отырысқа жиылғандар. Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Майк Гиффордтың айтуынша, Қазақстан мен Ұлыбритания арасында бизнес саласында да, мемлекеттік құрылымдар арасында да байланыс оң жолға қойылған. Халықаралық сауданы дамыту тұсында Қазақстанға бұл құқықты пайдалану аса тиімді болмақ, - дейді елші.

МАЙК ГИФФОРД, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯ ЕЛШІСІ:

 - Біз Қазақстанмен құқық саласындағы тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз. Ұлыбритания «Астана» халықаралық қаржы орталығының дамып, қалыптасуына белсене қатысады. Орталықтың соты ағылшын құқығына негізделген. Екі елдің мамандары осы саладағы мәселелерді жан-жақты талқыламақ.

САЙМОН ДЭВИС, АНГЛИЯ МЕН УЭЛЬСТІҢ ЗАҢГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Ағылшын сотында қызмет ететін судьялар бұған дейін адвокаттар мен заңгерлер болған. Яғни олар мемлекеттік қызметте ешқашан қызмет етпеді. Сондықтан да ағылшын құқығы әділ болып саналады. Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы аясында соттың екі түрі қолданылмақ. Біріншісі – Жоғарғы сот, екіншісі – арбитражды сот. Арбитражды сот жүйесі кезінде медиаторлар да қызмет етеді. Ұлыбританиядан Қазақстанға судьялардың келуі де қарастырылған.

Конференция барысында Ұлыбритания үкіметі «Legal services are Great» атты науқан жариялады. Ол Қазақстан мен Біріккен корольдік компаниялары, заңгерлерлік фирмалары мен осы саладағы мамандар арасында әріптестік орнатуға жол ашпақ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер