Отандық көлікке сұраныс артты. Қазақстанда сала өндірісі екі есеге ұлғайды. Үстіміздегі жылдың өткен үш айында ғана 7 мыңға жуық темір тұлпар шығарылған. Жеңіл машиналармен қатар жүк, автобус және арнайы техника құрастыру жағы да артып отыр. Биыл Қазақстанда сатылған әрбір екінші көлік – жергілікті өнім. Бұл өзімізде жиналған автоөнімге азаматтарымыздың таңдауының түсуі өскенін көрсетеді. Мәселен, жыл басынан 26 млрд теңгеге Қазақстанда жасалған темір тұлпар сатылыпты. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 2,5 есеге көп.

ОЛЕГ АЛФЁРОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВТОКӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 - Бұл көрсеткішке негізінен үш фактордың арқасында қол жетіп отыр. Біріншіден, біздің кәсіпорындар шығаратын көлік модельдері көбейді. Бүгінде қазақстандық зауыттар автокөлік брендтерінің 140-тан астам түрін өндіреді. Екіншіден, «Жеңілдетілген автонесие» бағдарламасына Ұлттық қордан биыл қосымша қаржы бөлінді. Оған біз жыл басында қол жеткіздік.

Нәтижесінде сала кәсіпорындарының еліміздің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі 40 млрд теңгеге жеткенін айту керек. Бұл көрсеткіш былтырдың дәл осы мерзімінен 90% артық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер