Елорданың индустриялық паркі кеңейе түспек

Елорданың индустриялық паркі кеңейе түспек. Биылдан экономикалық аумақта шағын индустриялық аймақ құру ісі қолға алынды. Жоспарға сай 2020 жылға дейін кіші және орта бизнес өкілдеріне  арналған  440 Га жерде 195 мың шаршы метр дайын өндіріс орындары бой түзейді. Нәтижесінде іс жүргізуге лайықталған жаңадан 130 кәсіпорын қолданысқа беріліп, 18 мыңнан астам жұмыс орны пайда болмақ. Сондай-ақ бас шаһарда жеке ісін дөңгелетем деген кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашу жоспарда бар. Оның жұмысы бизнес өкілдерінің алтын уақытын сарп етпеу үшін жол машақатын шешу және қағаз бастылық пен әкімшілік кедергілерді жою қамында толықтай электронды жүйеге негізделетін болады.

ҒАНИ ТАСМАҒАМБЕТОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бір жаққа барудың қажеті болмайды. Үйде отырып қана онлайн режимінде компьютер арқылы сервисті қолдана аласыз. Жалпы бүкіл біздің сервистік қолдауды онлайн режимінде алуға болады. Ол дегенің бизнес жоспарларды, бухгалтерлік іс жүргізу, сайттарды жасап беру . Осының бәрін біз онлайн режиміне аударып отырмыз.

Жалпы, қазіргі таңда шағын және орта бизнестің елорда экономикасындағы үлесі 57 пайзға жеткен. Бұл республика бойынша үздік көрсеткіш. Былтыр салаға 944 млрд теңгенің инвестициясы тартылыпты. Шамамен 200 млрд теңге – тікелей шетел инвестициясы. Осы орайда өсім 3 есеге артқанын атап өту керек.