Қазақстандық бизнесмендер шетелде біліктілігін арттырып жатыр. Германияда тағылымдамадан өту үшін 22 отандық кәсіпкер аттанды. Олар түрлі тренингтерге қатысып, серіктестермен келіссөздерді жүргізу мен кәсібін өрлетудің қыр-сырына үйренеді. Бизнесмендер Германияның экономика және энергетика министрлігі әзірлеген бағдарлама бойынша білім алады. Онда мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар мамандар Берлин, Дрезден мен Лейпцигтегі немістердің беткеұстар кәсіпорындарына барып, қолданыстағы озық технологиямен танысады. Бүгінге дейін осы бағдарлама аясында 19 елдің 11 мыңнан аса маманы тағылымдамадан өтті.

АЙНАРА МОЛДАҒАЛИЕВА, КӘСІПКЕР:

 - Әрине, бізге мұндай тәжірибелер керек. Өздеріңіз білетіндей, екі елдің менталитеттері әртүрлі. Іскерлік салада да, кәсіпте де әрқалай. Осы ретте немістің кәсіпкерлері үйретіп, білгенін көрсететін осындай бағдарламалар ауадай қажет. Біздің үйренеріміз көп. Сәйкесінше немістер қазақ кәсіпкерлерінің бағыт-бағдары, негізгі ұстанымымен кеңінен таныса алады. 

ДӘУЛЕТ СҮЙІНТАЕВ, «SOUTH PRINT CORPORATION» ДИРЕКТОРЫ:

 - Германия өзі дамыған елдердің қатарында және де әсіресе индустриялық дамуы өте жоғары, қарқынға ие мемлекет болғандықтан, көретін нәрсе өте көп және де сол тәжірибе біздің қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктерді ашады. Себебі жаңа технологиялар өте қарқынды түрде дамып жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер