Қазақстанда инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған жобалық кеңсе құрылады. Астанада өткен халықаралық бизнес-форумда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, Инвестициялар және даму министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі өзара сәйкес құжатқа қол қойды. Жаңа орталық инвесторларға құжат рәсімдеу бойынша септесіп, бизнесті тексеруге арналған шаралардың заңға сәйкес жүргізілуін  қадағалайтын болады. 

ДИДАР СМАГҰЛОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІК  ДЕПОРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Біз инвестициялар және даму министрлігі сонымен қатар сыртқы істер министрлігімен бірлесіп өзара әріптестіктің тиімділігі барынша қарастырылған меморандум жасастық. Құжатқа сәйкес өзара байланыспен қатар инвесторлармен жұмыс жасау жағы жанданады. Үш бірдей мемлекеттік ведомство мамандарының қызметін біріктіретін жобалық кеңсе тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Олар инвесторларды қолдап, құқықтарын қорғау шараларымен айналысады.

Инвестициялық әлеуетті арттырып, инвесторларға барынша қолдау жасап, құқықтарын қорғау Қазақстанның ұстанып отырған басым бағыттарының бірі. Былтырдан еліміз экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының инвестициялар комитетіне мүше болды. Бұл мемлекеттің аталмыш саланы халықаралық талаптарға сәйкестендіргендігінің бірден-бір дәлелі. Бүгінде Қазақстанда Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі, Премьер-министр жанындағы инвестициялық ахуалды жақсарту кеңесі, сондай-ақ  инвестициялық институт жұмыс істейді.

САЛАУАТ МУКСИМОВ, ДИРЕКТОР ДЕПАРТАМЕНТА АГЕНТСТВА РК ПО ДЕЛАМ ГОССЛУЖБЫ:

- Бұл орайда атқарылып жатқан істер аз емес. Қазақстанда әлемнің 25 еліне визасыз тәртіп енгізілді. Сонымен қатар біз инвестициялар Конвенциясына қол қойдық. Инвестицияны қорғау бойынша еліміз 50-ден астам екі жақты және көп жақты келісімге тұрды.

Сарапшылардың пайымдауынша, инвесторлардың құқықтарын қорғау ісінің мемлекеттік деңгейде қолға алынуы шетелдік бизнес өкілдерінің Қазақстанға деген қызығушылығын артыра түседі. Бұл өз кезегінде еліміздің аумағында халықаралық жобалардың еселенуіне оң ықпалын тигізетін болады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер