Батыс Қазақстан облысы өсімдік майы экспортын ұлғайтпақ - Kazakh TV

Технологиялық жаңғыру экономиканың дамуын жеделдетеді. Батыс Қазақстан облысындағы өсімдік майын өндіретін кәсіпорын заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен экспорт көлемін ұлғайтпақ. Бұрын өндіріс ошағында өнімді өңдеуде тек сығымдау мен рафинациялау циклі ғана атқарылатын. Енді арнайы еріткішті пайдалану арқылы шикізаттан қажетті заттарды толығымен алуға мүмкіндік беретін желі іске қосылды. Бұл өндіріс саласындағы ноу хау технологиялар.

АҚЫЛБЕК САРМАЛАЕВ,  КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

- Тағы бір біздің жақсы объекттердің бірі ол бу қазандығы, бу өндірісі.  Қуаттылығы 6 жарым тоннаны құрайды  сағатына. Ол шемішкенің қабығын жағу арқылы бу өндірісі, ол деген қуат үнемдеу технологиясына жатады және қалдықсыз өндіріс болып есептеледі.

Талапқа сай өңделетін шикізат алдын ала дайындық кезеңінен өтуі тиіс. Яғни, терең қайта өңдеу цехына жеткенге дейін күнбағыстың сыртқы қабығы тазартылмаса қондырғылар тез бүлінеді. Осыны ескерген зауыт басшылығы күніне 200 тонна күнбағыс дақылын тазартуға қауқарлы қондырғы орнатты. Нәтижесінде, май сапасы да арта түскен.

МҰРАТ ЖӘКІБАЕВ, КӘСІПОРЫН ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

- Екі есеге көтердік көлемін. Егер баяғыда 60 тонна шикізат өндіретін болса, қазірде 180-ге көтердік біздер. 1 жыл тестпен істедік. Өйткені, бұрынғы 4 цех істеген болса біздер тағы 4 цех қосылдық.   

Еліміздің батыс өңірінің климаты шикізат базасына қолайлы. Ал майлы дақылдардың құрғақшылыққа аса төзімді екені бесенеден белгілі. Бұрын күнбағыс тұқымының құрамындағы майдың тек 25 пайызы ғана сығылып алынатын. Жаңа технологияның арқасында қазір оның көлемі 45 пайызға артып отыр. Осының барлығы сайып келгенде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне оң әсер етеді,- дейді өңір басшылары.   

ИГОРЬ СТЕКСОВ,   ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- 1 миллиард теңге көлеміндегі кәсіпорынның өз қаржысы мен 250 миллион теңге несие қаражаты еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмсалды. Біз кәсіпкерлер табысқа жетуі үшін қолдан келгенше көмек көрсетеміз.

Өндіріс ошағы ысырапқа жол бермейді. Мәселен, қалдық өнім күнжара  терең өңделіп, мал азығы ретінде пайдаланылады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер