Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 140-қа жуық жоба жүзеге асты. Аталмыш бағдарламаның арқасында 90 миллиард теңге инвестиция тартылды. Мұндай ауқымды жобалар кәсіпкерлердің жұмыс істеу қарқынын арттырады. Осы ретте жүзге жуық қазақстандық пен шетелдік инвестор тиімді келісім шарттарға қол қоймақ. Қазірдің өзінде екі жүзден астам жоба аяқталды. 

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуда он серпінді атап өтеміз және тиімділікті арттыру үшін мыналар ұсынылады. Бірінші орталық және жергілікті атқарушы органдарға рәсімдерді жеңілдету бойынша жаңалықтарды ескере отырып, бастамашылық жасаған барлық жобаларды конкурс сатысына дейін жеткізу қажет. МЖӘ жобаларының сапалы іске асыру бойынша қабылданған міндеттемелердің тұрақты мониторингін және толық орындалуын қамтамасыз ету қажет. 

Ең бастысы инвесторлар үшін МЖӘ әлдеқайда қолжетімді болды. Ал елде жобаларды қарау және бекіту процесі жеңілдетілді. Нәтижесінде өтінім беру мен оны жүзеге асыру аралығындағы уақыт жеті айдан үш айға дейін  қысқарды.

АЙДОС КӨБЕТОВ. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ОРТАЛЫҒЫ»:

Бүгінде МЖЭ келісімшарттарын қолдану мәселелері және оған инвестиция тарту ісі жан-жақты қарастырылуда.

Шетелдік инвесторлар мамыр айында басталатын Үлкен Алматы айналма жолының құрылысына қатысады. Жобаға Түрік және Корея тарапы 150 миллиард теңге инвестиция құймақ.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Құрылыс жұмыстары 4 жыл бойы инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Себебі жол 15 жыл бойы қолданыста болады. Демек инвесторлардан сапа талап етіледі. Біз аз уақыт ішінде сапасы сын көтеретін әрі төзімді жол  саламыз деп үміттенеміз.

Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасының жұмыс механизміне шетел тарапынан да қызығушылық жоғары. Сарапшылардың пікірінше, мұндай ауқымды бағдарлама экономикалық көрсеткіштің жоғары екенін және жобаның табыстылығын көрсетеді. Қазақстанда 2006 жылдан бастап 2018 жылға дейін мемлекеттік жекеменшік әріптестік шеңберінде 766 миллиард теңгеге 212 келісім шарт жасалды. Алдағы уақытта тағы да шамамен 620 жобаға шарт өз кезегін күтуде. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер