Қазақстан тауарлары Өзбекстан нарығында - Kazakh TV

Қазақстандық өнімдер Өзбекстан нарығына көптеп шығарылмақ. Ташкентте өткен Халықаралық өнеркәсіптік жәрмеңкеде қос тарап тиімді келісімдерге қол жеткізді. Соның ішінде, металлургия мен тау-кен өндірісіне қажетті құрылғылар мен химиялық реагенттер, пластмассадан және резеңкеден жасалған тауарларды көптеп жеткізетін болды. Бұл бауырлас ел Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жекелеген сауда-саттықпен қатар өзара іскерліктің артуына негіз болмақ. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысын Өзбек елінде жақсы дамыған ауыл шаруашылық саласындағы жетістіктер қызықтырады. Әлемнің 13 мемлекетінен 100-ден астам ірі кәсіпорын өкілдері жиналған жәрмеңкеге өрт қауіпсіздігін сақтайтын құрылғылар мен машина жасау, дәнекерлеу бұйымдары, өндіріске қажетті құрылғылар ұсынылды.

ОЛЬГА РУМЯНЦЕВА, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Көпшіліктің біздің отандық тауарларға деген қызығушылығы басым. Біз көптеген елдерге химиялық реагенттер жеткізіп жүрміз.

САБИНА АБДУЛЛАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

 - Көрмеге қатысып отырған компаниялардың басым бөлігі Қазақстан мен Ресей және Украинадан келген. Бұл жалпы алғанда Өзбекстанның өндірісімен қатар өзге елдегі кәсіпорындардың дамуына негіз болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер