Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі екі есе артты

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі екі есе артты. Өсімге үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы ықпал еткен. Бұл туралы «Kazakh Invest» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Рустем Исатаев мәлімдеді. Индустрияландыру бағдарламасының жеті жылдық қорытындысы бойынша жалпы инвестиция көлемі 4 есеге артып, шамамен 25 млрд долларды құрады. Сарапшылардың пікірінше, соңғы кезде шетелдік инвесторлардың тау-кен саласына қызығушылығы артқан. Атап өтерлігі, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы шетелдік инвесторлармен тікелей жұмыс істеп келеді.

РУСТАМ ИСАТАЕВ, «KAZAKH INVEST» БАСҚАРМА ОРЫНБАСАРЫ: 

 - Қазақстанға тартылған инвестицияның шамамен 70 пайызы тау-кен саласына бағытталады. Елдегі индустрицияландыру жарияланған 6-7 жылдардан бастап өңдеуші сектордағы инвесторлардың үлесін 2 есеге ұлғайтуға болады. Егер санмен айтар болсақ, онда бұрын 7 пайыз болса, ал қазір шетелдік инвестицияның көлемі шамамен 15 пайыз, яғни нәтиже бар.