Баламалы энергетиканы дамыту және «жасыл экономикаға» көшу - дүниежүзі бойынша маңызды. Бұл ретте жасыл индустрияның ірі көшбасшылары Қазақстанмен саланы дамытудағы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын. Лондондық қор биржасы мен АХҚО жаңартылған энергия саласындағы ынтымақтастықты арттыруды жоспарлап отыр. Британдық сарапшылар Қазақстан «жасыл» технология саласында инвесторларды тарту бойынша көш бастап тұрғанын әрі зор әлеуетке ие екенін атап өтті. Айта кетейік, 2020 жылға қарай еліміздегі электр энергиясының жалпы өндірісіндегі жаңартылатын көздердің үлесі 3% құраса, 2030 жылға қарай 10 пайыз болмақ. Елімізде жасыл энергия бойынша қуаты 2 мың мегаватты құрайтын 53 нысан жұмыс істейді.

МАЙКЛ ГИФФОРД, ҰЛЫБРИТАНИЯ ЖӘНЕ СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ БІРІККЕН КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Жасыл технология жобасы бойынша қаржыландыру жұмыстары экономикалық тұрғыдан тиімді болуы керек. Лондон қор биржасы жаһандық үрдістің эпицентрінде. Біз «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен тәжірибе бөлісуге және ынтымақтастығымызды нығайтуға дайынбыз. Сонымен қатар баламалы көздерден энергия сатып алу бойынша бірінші қазақстандық аудиторияға қызығушылық танытамыз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер