Қазақстан – трансқұрлықтық байланыстың негізгі дәлізі. Біздің елдің аумағымен елдер арасындағы экономикалық байланыс артып, бірнеше мемлекет арасында өзара іс-қимыл жыл сайын нығайып келеді. Сонымен қатар тауарлар ағымы да артты. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында іске асырылған жобалардың арқасында жүк тиелген пойыздар Амстердамның құрғақ аралынан Нидерландыдан Қытайға қарай жол тартады. Голландиядағы көліктік-логистикалық компаниялардың жүк пойыздары 14-16 күнде, шамамен 11 мың шақырымды жүріп өтіп келеді. Оның ішінде Қазақстан аумағында 3 мың шақырымды жүріп өтеді. Жақын арада Амстердамнан Шығыс Қытайдағы Иву қаласына аптасына үш пойыз жолға шығады. 2020 жылға қарай ЕО-тан Қытайға келетін пойыздардың жалпы саны жылына 5000-ға жетпек.

ЯН ВОРСТЕРМАНС, «ФРЕШ ПАРК» БИЗНЕС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /НИДЕРЛАНДЫ/:

 - «Бір белдеу, бір жол» жобасы – өте ауқымды бастама. Себебі Нидерландының оңтүстігінен контейнерлер Оңтүстік Америкадан Қытайға бір жолмен жіберіледі. Ал енді біз Венло қаласы арқылы басқа елдердің аумағына Қазақстандағы жаңа жібек жолы арқылы Қытайға бара аламыз. Ал өнімдерімізді Қытайдың және Қазақстанның нарығына шығара аламыз. Осы аймақта Қазақстанның жаңа аймақтарымен қатар Жаңа жібек жолы бойында жұмыс істейтін логистикалық компаниялар бар. «Бір белдеу, бір жол» – жаңа нарықтағы жол. Нидерланды тауарларын теміржолдармен таратып, белгілі бір нарыққа жеткізуге болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер