Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 31,5 пайызға артты

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 31,5 пайызға артты. 2017 жылы бұл көрсеткіш 776 млн долларға жеткен. Қазақстан экспорт көлемі бойынша Тәжікстанның негізгі серіктестерінің көшін бастап тұр.  Тәжікстанда қазақстандық мұнай, коммуналдық техника, автобустар, жолаушы және жүк вагондары сұранысқа ие.

НҰРЛАН СЕЙТІМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Соңғы жылдары сұйытылған газ бен бидайдан бөлек еліміз Тәжікстанға қосымша құн  қосылған тауарларды да жөнелте бастады. General Electric зауытының жаңа үлгідегі Evolution локомотивтерінің төртеуі жеткізілді. Тағы екеуін жеткізу бойынша келісім-шартқа қол қойылды. Сондай-ақ Тәжікстанға елімізде жинақталған көліктерді де экспорттаймыз. 

Қазіргі уақытта екі ел үкіметтері экономикалық әріптестікті одан әрі дамытуға жағдай жасауда күш біріктіріп отыр. Мәдени-гуманитарлық және ғылым-білім саласындағы байланыс та нығаюда,-дейді Нұрлан Сейтімов.

НҰРЛАН СЕЙТІМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:

 - Біздің елдер әлемдегі өзекті мәселелер бойынша ұқсас ұстанымда. Қазақстан Тәжікстанның Сыртқы аренадағы бастамаларын қолдайды. Өз кезегінде Тәжікстан тарапы Астанадағы ЭКСПО көрмесі, Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі  болуы сынды маңызды сәттерде елімізге қолдау көрсетті.