Қазақтанның аймағында сүт өнімдерін өндіретін кластер қалыптасты. Нәтижесінде өндірілген өнімнің сапасы мен көлемі артып, экспорттық әлеует өсті. Атап өтерлігі, Қазақстанда бір жылда шамамен 5,5 миллион сүт өнімдері өндіріледі. Биыл Қарағанды облысындағы технолог мамандар өз рецептерін әзірлеп, он шақты жаңа сүт өнімін шығара бастады. Сонымен қатар, өңірдегі кәсіпорындар жаңа технологиямен жабдықталып жатыр.

ӘСИЯ ЫСҚАҚОВА, СҮТ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 - Бүгінде біздің тұтынушыларымыз өнімнің тек өзіне ғана емес сапасына да жіті мән береді. Біз экспортты арттырып жатырмыз, өзіміз жеткізу жұмыстарымен айналысамыз.

Ел ішінде сиыр сүтінен бөлек ешкі сүті де өңделеді. Мемлекеттік қолдау Ақтөбедегі шаруашылықтарды жаңа жабдықтармен қамтамасыз етуде.

АМАНТАЙ ҮМБЕТБАЙ, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бізге Үкімет тарапынан 12 миллион тұратын 30 пайыздың шамасында субсидия берілді.  Бұл бизнесіміздің жандауына көп көмек болды.

Емдік қасиеті мол ешкі сүтінен шаруашылық қымыз ашытып, сүзбе жасайды. Болашақта бұқтырылған ет пен қоюлатылған сүтті де саудаға шығару көзделіп отыр. Бұл мақсатта қосымша тағы инвестициялық субсидия алып, технологияны жаңғыртып, өнімдерді көрші аймақтарға жеткізуді қолға алу қажет.

АСЫЛХАН ӘБТИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРАМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Жаңа жобалар ашылып, кәсіпорындар тың технологиямен жабдықталып жатыр. Мұның бәрі инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы жүзеге асуда.

Өткен жылы агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында Ақтөбе облысына шамамен тоғыз миллиард теңге бөлінді. Оның жартысынан көбі мал шаруашылығына жұмсалса, үш миллиарды фермерлердің қажеттілігін қамтамасыз етті. Ал егін шаруашылығына 200 миллиард теңге берілді. Шаруалар төрт-түлікті асылдандырып, тұқым сапасын арттыруға мүмкіндік алды. Биылғы жылы аймақтағы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мемлекет 10 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер