Қазақстан және халықаралық ISO стандарттары - Kazakh TV

Стандарттарды үйлестіру мен сәйкестендіру Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің техникалық комитеттері ISO жұмысына белсенді түрде араласып жүр. Жақында қазақстандық делегация Ұйым кеңесінің Малайзияда өткен 105-ші отырысына қатысып қайтты. Жиналғандар жұмыс процестерін цифрландыру бойынша ІТ-стратегияны талқылап, оны жүзеге асыруға қатысты өз ойларын ортаға салды. Аталған құжат стандарттарды әзірлеуді жеңілдетіп, ашықтықты қамтамасыз ететін онлайн-платформаға өтуді қарастырады. Сонымен қатар, бұл оларды қарау мен бекіту уақытын қысқартады. ISO кеңесіне барлығы 20 ел кіреді және олардың қатарында Қазақстан да бар.

ҒАЛЫМЖАН ДҰҒАЛОВ, ҚР ИДМ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 - Біз дауыс беру арқылы қатысып отырмыз. Бүгінгі күні Қазақстан ISO-ның 107 комитеті мен кіші комитетінде тіркелген. Осының арқасында халықаралық деңгейде қандай да бір құжаттар қабылданып жатса, стандарттарға қатысты өз ескертулерімізді, толықтыруларымызды айтуға құқығымыз бар. ISO​-ның техникалық комитетіне қатысу белсенділігі бойынша рейтингте Қазақстан қазір 50-ші орында.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер