Қазақстан мен Өзбекстан 2020 жылға қарай өзара сауда-саттық көлемін 5 млрд долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұған екі ел арасындағы шекаралық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы сеп болмақ. Қазақстанның Өзбекстандағы елшісінің көрші елге жасаған сапары барысында осындай уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар Қазақстанмен шекаралас өңірлермен Қарақалпақстан аймақтық индустриялық аймағын құруға келісті. Кездесуде ауыл шаруашылығы, ғылым мен білім, туризм, медицина және фармацевтика салаларындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқылады.

ЕРІК ӨТЕМБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 - Біз арнайы «Жол картасын» жасап жатырмыз. Бұл әрине әрбір саланың өзара ықпалдығын арттырады. Әсіресе мұнай мен химия және металургия, сондай-ақ ауылшаруашлығы кешендерін құруға негіз болмақ. Осы тұрғыдан алып қарағанда «Жол картасы» бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл аймақтардың бірлескен инвеституиялық жобалар құрып, оны ары қарай дамытуға мүмкіндік береді.

Ерік Өтембаев Қарақалпақстандағы логистикалық орталықтар біздің елмен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар бауырлас ел Қазақстанның азық-түлік нарығында сұранысқа ие өнімдерді көптеп экспорттамақ. Осы орайда Ақтау, Құрық порттарының және Ақтөбедегі көлік  хабының әлеуетін пайдалануға мүмкіндік бар. Осы ретте, жақында Өзбекстаннан Қазақстанға көкөністердің алғашқы партиясы келді. Алда көрші мемлекеттен қырыққабат, қауын мен қарбыз жеткізіледі.

ФАРХОД БЕКНАЗАРОВ, ШАРУА:

 - Қызанақтың алғашқы өнімдерін Қазақстан нарығына жөнелттік. Мұнда барлық жұмыс компютердің көмегімен атқарылады. Тіпті қажетті тыңайтқыштың өзін компютер өзі бөліп береді. Енді екінші терімді бастаймыз. Өнім өте таза.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Өзбекстан Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Балтық жағалауындағы елдерін біріктіретін «жасыл дәліз» жүйесін құруға ниетті. Сонымен қатар, көрші мемлекет биылғы жылы алыс-жақын елдерге жеміс-көкөніс экспортын екі есе арттыруды жоспарлап отыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер