Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық әлеуеті артуда - Kazakh TV

Халықаралық нарыққа шығар жол. Қазақстандық кәсіпорындар Жолдауда көрсетілген стратегиялық міндеттерді жүзеге асырып жатыр. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының сыртқы тауар айналымы 800 миллион АҚШ долларын құрады. Экспорт көлемі 30 пайызға артқан. Мысалы, Көкшетаудағы кәсіпорын өз өнімдерінің үштен бірін экспортқа жібереді. Клапан қорапшалары мен үлкен қапшықтар шығаратын зауыт жылына 3 миллион дайын өнім өндіреді. Кәсіпорында жаңа желі іске қосылып, өндіріс көлемі ұлғайтылуда.

ЕРЖАН АШЫҚБАЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бүгінгі күні Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі, сондай-ақ, Қытай сияқты алып нарықпен шектесіп жатыр, Орталық Азия, Иран, Оңтүстік Кавказ нарықтарына шығуға мүмкіндік бар. Біздің өнімдерімізге сұраныс бар. Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттер осында орындалып жатыр. Атап айтқанда, техникалық қайта жарақтау, экспортқа бағдарлау осы кәсіпорынның басымдығы.

Экспорттқа бағдарланған өндірістерді дамыту экономикалық саясаттың басты бағыты болмақ. Орал трансформатор зауытындағылар осыны қаперге алған. Биыл конвейрлерден шыққан 10 мың трансформатор шетелге жеткізіледі. Өндірілген өнімнің 90 пайызы Ресей мен Әзербайжан нарығына шығарылады. Айта кетейік, кәсіпорын – индустрияландырудың алғашқы бес жылдығында жүзеге асқан аймақтағы айтулы жобалардың бірі.

АҚЖОЛ САУРАНБАЕВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ:

 - Цифрландыру бағыты бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Тапсырысты қабылдағаннан бастап тапсырысыты берушіге жеткізгенге дейінгі атқарылатын цикл. Соның бірі «ақылды қойма» бағдарламасы. Бізде бұрын мысалы бір затта іздеу үшін қоймашы көптеген уақыт жоғалтатын болса, қазір азғантай минут қана жоғалтатын болады. Бұл өндіріс өнімінің ұлғаюына әсерін тигізеді. 

Өткен жылы батыс өңірде индустрияландыру бағдарламасы аясында 10 кәсіпорын ашылды. Жаңа жобалардың ішінде кірпіш, асфальт, аяқ-киім, макарон өнімдері және ас дәндерінің өндірісі бойынша зауыттар мен кәсіпорындар бар. Мұндағы өнімдердің басым бөлігі алыс-жақын елдерге экспортталады.

ЖАННА БЕКҚАЛИЕВА, БҚО КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

 - Екінші бесжылдықта индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 84,4 млрд теңге болатын 29 жоба жүзеге асырылып, 1340 жұмыс орнын құрылмақ. 2015-2017 жылдары 81 млрд теңгенің 22 жобасы іске асрты.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа технологияларды пайдалану, цифрландыру және өндірісті автоматтандыру арқылы экспорт көлемін арттыруға болады. Өткен жылы Қазақстанның сырқы сауда айналымы 77 млн АҚШ долларынан асты. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер