Қазақстан мен Ресей әріптестігі тереңдей түсуде

Қазақстан мен Ресей әріптестігі тереңдей түсуде. Екі арадағы көпсалалы ынтымақтастықтың маңызды буыны - сауда-экономикалық байланыстар. Өткен жылы өзара тауар айналымы 17 млрд доллардан асты. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Екі ел бір-біріне инвестиция бағыттауда да белсенділік танытып отыр. Ресей тарапы Қазақстанға 10 млрд доллар көлеміндегі инвестиция салған. Ал Қазақстан болса, көрші елге 4 млрд доллар бағыттаған. Әріптестікті одан әрі нығайту мәселесі Астанада өткен халықаралық конференция барысында талқыланды.

ҚАЗБЕК ӨМІРЗАҚҰЛЫ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ  - ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы, негізіне, көпжақты, көпформатты қарым-қатынас негізінде жүргізіліп жатыр. Яғни тек қана саяси және сауда қарым-қатынастары ғана емес, сонымен қатар Ұжымдық келісім ұйымы аясында қауіпсіздік мәселесімен, сонымен қатар шекаралас аямақтар арасында кездесулер өткізіліп отырады. Ресей Думасы мен Қазақстан Парламенті арасында парламентаралық отырыстар да өтіп отырады.

Жиын барысында бизнес орта мен қаржы секторында цифрлық экономиканы, тың технологияларды дамыту жайы сөз болды. Деректер қазіргі заманның мұнайы,-дейді «Цифрлық экономика» бейкоммерциялық дербес ұйымының департамент директоры Матвей Алексеев. Ол деректерді жіберу, өңдеу, бір сөзбен олармен жұмыс істей білудің арқасында ғана көздеген мақсатқа жетуге болады. 

МАТВЕЙ АЛЕКСЕЕВ, «ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА» ҰЙЫМЫ КОММУНИКАЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ , РФ:

 - Экономика салаларының басым бөлігі цифрландырылуда.  Бұл тұста деректерді  мысалға келтіруге болады. Цифрлық экономиканы дамыту үшін, алдымен білікті мамандарды даярлау қажет. Сондықтан осы саладағы жастарға, мамандарға түрлі акселераторлар құрып, олардың цифрлық біліктілігін арттыруға барынша жағдай жасау керек.

Конференцияға қатысқан екі ел өкілдері Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы екіжақты қарым-қатынас мәселесіне де тоқталды.